Қостанай облысында 16 пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті; екі адам күйікке шалдығып, тағы екі адам жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 16 пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті; екі адам күйікке шалдығып, тағы екі адам жоғалып кетті

Қостанай облысында 16 пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті; екі адам күйікке шалдығып, тағы екі адам жоғалып кетті

ҚОСТАНАЙ. 23-қараша. Kazakhstan Today. Қостанай облысы Қарабалық ауылында 16 пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті; соның салдарынан екі адам күйікке шалдығып, тағы екі адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 23 Қараша 2006
  • 408
Фото - Caravan.kz

Екі қабатты үй 22-қарашада кешкі сағат 8-де өртенген. Үй тұрғындарының айтуынша, өрт бір пәтерден шыққан. Өрт салдарынан бір жас әйел мен 9 жастағы қыз күйікпен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге тәртіп сақшыларының тексеруі нәтижесінде осы үйде тұратын 50 жастағы ер адам мен 6 жасар қыздың хабар-ошарсыз кеткені анықталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, із-түзсіз жоғалып кеткендердің тізімі әлі де нақтыланып жатыр. Өрттің себебі анықталу үстінде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта