Қостанай облысында 2 млн. теңге пара алған шенеулік ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 2 млн. теңге пара алған шенеулік ұсталды

Қостанай облысында 2 млн. теңге пара алған шенеулік ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облыстық департаменті облыс әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Д.Жансейітовті ұстады.

  • 19 Тамыз 2016
  • 558
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның хабарлауынша, Д.Жансейітовтің өзіне бағынышты бөлімнің жетекшісі Ю.Григоренко арқылы жеке тұлғадан облыс аумағында бағдаршам нысандарын салу жұмыстарының орындалуы туралы актіге қол қою және жалпы қамқорлығына алу үшін 2 млн. теңге алғандығы анықталған.

Қазіргі уақытта Д.Жансейітов пен Ю.Григоренко қылмыстарын толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Перейти к новостям спорта