Қостанай облысында 200 млрд. теңгеден астам соманың 40 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 200 млрд. теңгеден астам соманың 40 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда

Қостанай облысында 200 млрд. теңгеден астам соманың 40 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда

Премьер-министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған жұмыс тобы бейсенбі күні Қостанай облысында болды.

  • 10 Маусым 2011
  • 432
Фото - Caravan.kz

Құрамына Парламент депутаттары, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, Қазақстанның Индустриялық даму институтының, Қазақстан Даму банкінің және басқа да институттардың өкілдері бар топ 2010 жылғы Индустрияландыру картасына кірген және бүгінде жобалық қуатына шығып үлгерген нысандарды аралады. Олар сондай-ақ 2011 жылғы жобалардың құрылыс барысымен танысты және Қостанай облысының 2020 жылға дейінгі даму жоспарын талқылады.

Сапардың қорытындысы бойынша журналистердің сауалдарына жауап берген Әсет Исекешев, жобаларды жүзеге асыру жоспарларының бәрі кесте бойынша жүріп жатқанын, ең бастысы, былтыр іске қосылған нысандардың бәрі жобалық қуатына шығып келе жатқанын атап көрсетті.

Өткен жылы 10 нысан іске қосылып, олардың орташа жүктелімі бүгінде 60 пайызды құрап отыр. Үш өндіріс өзінің жобалық қуатына шығып отыр. Жалпы Қостанай облысы бойынша Индустрияландыру картасының аясында 200 миллиард теңгеден астам соманың 40 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы 25 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Қостанайдан кейін вице-премьер Шығыс Қазақстан облысына аттанады.

Соңғы жаңалықтар