Дереккөздің мәліметінше, ер адам әйелді басқа біреумен хат жазысқаны үшін өлтіріп тастаған. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі бұл мәліметті растады, — деп жазады Tengrinews "Костанайские новости"-ға сілтеме жасап.
"28 желтоқсанда Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылынан бес шақырым жерде ішінде әйел мен ер адамның денесі жатқан Chevrolet Niva көлігі табылған. Сотқа дейінгі тергеу барысында 60 жастағы ер адамның 47 жастағы әйелге оқ атып, кейіннен өзін-өзі атып өлтіргені анықталды", — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.