Қостанай облысында ашық жерлерде 70 градус ыстық болды - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында ашық жерлерде 70 градус ыстық болды

Қостанай облысында ашық жерлерде 70 градус ыстық болды

8 шілдеде Қостанай облысында ашық жерлерде ауа 68-70 градусқа дейін қызған.

  • 10 Шiлде 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

Қырғызгидрометтің басшысы Зарылбек Итибаев Бішкектегі +60 градустан асқан аптап ыстықты Қазақстанның Қостанай облысымен салыстыра түсіндірді. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды.

Оның айтуынша, 8 шілде күні Қырғызстанның оңтүстігінде күн түсетін жерлерде +60…+64 градус, ал көлеңкеде +40 градус болған. Ал Бішкекте ауа температурасы 64 градустан жоғарылаған. Итибаев 9, 10, 11 шілдеде ел астанасында температура +60 градустан жоғары болатынын атап өтті.

"Аптап бізде ғана емес. Мысалы, 8 шілдеде Қазақстанның Қостанай облысында ашық жерлерде ауа 68-70 градусқа дейін қызды", — деп мәлімдеді Итибаев. 


Қырғызгидрометтің мәліметінше, Қырғызстандағы аптап ыстық 20 шілдеге дейін басылмайды.