Облыс әкімі Сергкй Кулагин облыстың аудандарындағы егістік алқаптарын аралап көріп, егістік жұмыстарымен танысып қайтты. Ол диқандармен өткен кездесуінде бүгінге барлық алқаптарда ылғал жеткілікті екендігіне назар аударып, егіннің шығымы жақсы болады деп үміт етіге мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Бүгінге егістіктің 70% астық сеуіп үлгерді, ылғалдың молдығы, ғалымдардың пікірінше, аса қауіптенбей-ақ маусымның 5-не дейін егін егуге мүмкіндік береді. Аудан әкімдерінің айтуынша, егін егу ұйымшылдықпен жүріп жатыр. Егілетін тұқым сапасына қатысты, ЖЖМ мәселесі де шешілген.
С. Кулагин ауыл шаруашылығын өндірушілерге мемлекеттен алған неиселерін қайтару керектігін еске салды. Ол сондай-ақ Сарыкөл және Қарасу аудандарында мал шаруашылығына қатысты 16 инвестициялық жоба іске қослуына байланысты онда мал азығын дайындауға мән беру керектігіне тоқталды. Былтырғы қуаңшылық жолдың тәжірибесін ескере отырып, облыс әкімі биылғы мол ылғалға қарап, аудан басшылары мен ауыл шаруашылығы мамандарына ет-сүт шаруашылығына инвестиция салуды ойластыру керектігіне назар аударды.