Қостанай облысында ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушыға пара алды деген айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушыға пара алды деген айып тағылды

Қостанай облысында ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушыға пара алды деген айып тағылды

Қостанай облысында Қостанай ауданы Майкөл селолық округі әкімінің м.а. Сансызбай Нұрбаевқа қатысты  ҚР ҚК 366-бабы бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

«2015 жылдың сәуірінде азамат С. жеке тұрғын үй құрылысы үшін және мал шаруашылығымен айналысу үшін Нұрбаевтан жер телімін бөлуді сұрап барған. Ол кезде мұндай өкілеттілік Нұрбаевтың құзырында болған. Мәселені шешу үшін Нұрбаев С. азаматынан 250 000 теңге көлемінде ақша сұраған. Алайда С.  Нұрбаевтың бұл әрекеті заңға қайшы келетінін түсініп, жемқорлыққа қарсы қызметтің көмегіне жүгінген», — деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Соманың алғашқы бөлігін С. Нұрбаевқа 2015 жылы 24 маусымда Майкөл селолық округі әкімінің кабинетінде тапсырған, екінші бөлігін Затобольск кентіндегі «Флоден» дүкенінің маңында берді, бұл жерде күдікті қылмыс үстінде қолға түсті.


Қылмыстық іс өндіріске енді және 2015 жылы 14 қыркүйекте тыңдалым болады деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар