Қостанай облысында Аят өзеніндегі су деңгейі көтерілуге байланысты тұрғындар көшіріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында Аят өзеніндегі су деңгейі көтерілуге байланысты тұрғындар көшіріле бастады

Қостанай облысында Аят өзеніндегі су деңгейі көтерілуге байланысты тұрғындар көшіріле бастады

Қостанай облысында Аят өзеніндегі су деңгейі көтерілуге байланысты Тараноское ауылы су астында қалды. Адамдар мал-мүлкін алып тасқын аумағынан көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тасқын аймағында тәртіп сақшылары, дәрігерлер тобы, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар тұрақты күзетке шығуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Таранов ауданының әкімі Жақсыбек Өтепов хабарлады.

  • 19 Сәуiр 2005
  • 493
Фото - Caravan.kz

Ж.Өтеповтың айтуынша, су деңгейі 17-сәуірден бастап көтеріле түсті. 18-сәуірдегі 16 сағат шамасында өзендегі су деңгейі 7,24 метрге жетті. «Аят өзеніндегі су деңгейі соңғы 29 жылда небәрі үш мәрте 7 метрлік деңгейден жоғары көтерілді»,- деді әкім. Ал 2000-жылы Аяттағы су деңгейі 8,12 метрлік рекордты көрсеткішке жетіп, тасқын аймағында 530 тұрғын үй қалып қойған.

Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның ақпаратына сәйкес, биыл өзен жағалауын бойлай тұрғызылған құм бөгеттер желісінің арқасында тасқын суын бір тәулік бойы ұстап тұруға және су басқан аймақтың ауқымын кемітуге мүмкіндік туды. 19-сәуірдегі жағдаймен тасқын аймағында 1,5 мың малды қамтитын 31 үй қалып отыр. Олардағы су деңгейі еденннің деңгейінде тұр.
19-сәуір күні таңертең су деңгейі 6,93 метрге дейін төмендеді. Алайда түске қарай су деңгейі қайтадан көтеріле бастады. «Біз қазір Челябинск облысы Варнин ауданындағы ахуалды анықтап жатырмыз. Су тасқыны осы өңірден келе жатыр. Белгілі мәлімет бойынша, ол жақта жаңбыр жауып, жағдайды тіпті ушықтыра түсуде»,- деді Ж.Өтепов.
Ауа райын бақылаушылардың хабарлауынша, Таранов ауданында да биыл жылдағыдан екі есе көп ылғал түсті.

Перейти к новостям спорта