Қостанай облысында бір зейнеткер шөмеле шөп үшін өз туысын атып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында бір зейнеткер шөмеле шөп үшін өз туысын атып тастады

Қостанай облысында бір зейнеткер шөмеле шөп үшін өз туысын атып тастады

Қостанай облысы Меңдіғара ауданы Қутомар ауданында 64 жастағы қарт зейнеткер бір шөмеле шөп үшін өз туысын аңшы мылтығынан атып ауыр жарақаттады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 9 Тамыз 2004
  • 737
Фото - Caravan.kz

Туыстар Қутомар ауылынан 6 шақырым жердегі дала қосында шабындықтан кейін шәлкемдесіп қалған. Зейнеткер мен көршілес Көктерек ауылында тұратын 52 жастағы оның туысы мая шөпті бөлісе алмай кикілжіңдескен. Соның салдарынан 12-ші калибрлі тіркелмеген аңшы мылтығын қолына алған зейнеткер туысын дәл іштен атып жіберген.

Жәбірленуші Қостанай облыстық ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалауда.
Облыстық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлағанындай, адамды ауыр жарақаттау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Перейти к новостям спорта