Жарияланды: 290

Қостанай облысында бұрқасын мен көктайғақтың салдарынан «КамАЗ» жыраға құлап кетті

Ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Қостанай облысында 4 желтоқсан күні сағат 09.15-те «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 663-шақырымында «КамАЗ» көлігі жыраға құлап кетті. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, сағат 12.40-та Сарыкөл аудандық ТЖБ-нің күшімен (2 адам мен 1 техника) көлік жол бойына шығарылып, өз бағыты бойынша аттандырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін