Қостанай облысында далалы аймақ өртке оранды. Өңірдің төтенше жағдайлар қызметі кешелі бері тілсіз жаумен арпалысуда. Тіпті, екі өрт сөндірушінің денесін күйік шалған. Қызыл жалын Ресей аумағынан жетіпті. Салдарынан Қарабалық ауданындағы 1 жарым гектар жер күлге айналды. Жалынды ауыздықтауға 30 шақты арнайы техника жұмылдырылған. Алайда желден күш алған от жолындағы қураған шөп пен ағаштарды жайпап келеді.