Қостанай облысында дүкеннің қосалқы құрылысында болған өрт 50 жастағы ер адамның өмірін қиып кетті
Қостанай облысында дүкеннің қосалқы құрылысында болған өрт салдарынан 50 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ. |
Бүгін Қостанай облысының Сарыкөл кентінде Ленин көшесінде орналасқан дүкеннің ағаштан жасалған қосалқы құрылысы отқа оранды. Жалын тілі 25 шаршы метр аумаққа тарады. Оқиға орнынан 1962 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД өртке қарсы күрес қызметінің 6 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.
Бұдан бір күн бұрын Алматы қаласындағы «Глобо-Пак» ЖШС-нің қоймасын да жалын шарпыды. Өрт 80 шаршы метр аумаққа тарады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртпен күреске ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметінің 62 адам мен 19 техника бірлігі тартылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін