Қостанай облысында екі бірдей кісі өлтірген қылмыскер өрт жіберу арқылы ізін жасырмақ болған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында екі бірдей кісі өлтірген қылмыскер өрт жіберу арқылы ізін жасырмақ болған

Қостанай облысында екі бірдей кісі өлтірген қылмыскер өрт жіберу арқылы ізін жасырмақ болған

Қостанай облысы Қарабалық ауданының орталығында шыққан өртті сөндірген кезде өлген екі әйелдің мәйіті табылды. Бұдан кейінгі тексеру нәтижесі айқындап бергеніндей, қылмыскер өрт жіберу арқылы ізін жасырмақ болған көрінеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қараша 2003
  • 376
Фото - Caravan.kz

Екі бірдей әйелді өлтірген күдікті ретінде Қарабалық ауданының 42 жастағы тұрғыны ұсталып, жергілікті аудандық ІІБ-ның тергеу абақтысына қамалды. Алдын-ала тергеу нәтижесіне қарағанда, қылмыскер екі әйелді өлтіріп, үй ішіндегі құнды заттарды алып шығып, үйді өртеп жіберген.

Ұрланған заттардың бір бөлігі күдіктінің үйінен табылды. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар