Жарияланды: 360

Қостанай облысында есірткілік қылмыстардың саны арта түсуде - прокуратура

Қостанай. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында есірткілік қылмыстардың саны арта түсуде. Бұл туралы Қостанай облыстық прокуратурасының есірткіге қатысты қылмыстарға қарсы тұру жөніндегі үйлестіру кеңесінің барысында Қостанай облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Амангелді Иманғалиев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылдың 10 айында есірткіге қатысты ахуал шиеленісе түсті. Мәселен, егер өткен жылдың осы мерзімінде 519 қылмыс тіркелсе, бүгінгі күні оның саны 560-тан асты", -деді А. Иманғалиев. Жылдың басынан бері күш құрылымдарының қызметкерлері 1,5 тонна есірткі тәркілеген. Оның 150 килограммы ауыр есірткі түрлеріне жатады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін