Қостанай облысында ірі көлемдегі героин партиясын Ресейге алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында ірі көлемдегі героин партиясын Ресейге алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Қостанай облысында ірі көлемдегі героин партиясын Ресейге алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Қостанай облыстық есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері Ресейге 10 кило 380 грамм героин алып өтуге әрекет жасаған наша саудагерін ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 10-қаңтарда Қостанай облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қаңтар 2005
  • 363
Фото - Caravan.kz

Қостанай тұрғыны 30-желтоқсан күні түнде Жетіқара-Мариновка кеден бекетінде құрықталды. Тұтқынның сөмкесіндегі героинді күрделі ахуалдарда есірткі іздестіруге машықтанған Торез атты иісшіл ит тауып алды. Полицияның мәліметі бойынша, тәркіленген есірткі партиясының жалпы құны еліміздің «қара базарларында» 250 мың долларға бағаланады. 29 жастағы тұтқын есірткі заттарын сақтап сатқаны үшін бұған дейін де екі мәрте сотталған.

2004-жылы Қостанайлық тәртіп сақшылары 11,3 кило героинді айналымнан шығарды.

Перейти к новостям спорта