Қостанай облысында келін түсіріп, қыз ұзатқандарға айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында келін түсіріп, қыз ұзатқандарға айыппұл салынды

Қостанай облысында келін түсіріп, қыз ұзатқандарға айыппұл салынды

Қостанай облысында карантин кезінде демалыс күндері мобильді топтар рейд жүргізді.

  • 4 Тамыз 2020
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

5 шілде мен 2 тамызы аралығында 2 153 нысанды тексерілген. Оның ішінде 147 объект санитарлық-дезинфекциялық режимді бұзған. Оларға 7 195 020 теңге сомасына 147 айыппұл салынды, 1 іс сотқа жіберілді.

«Департаменттің және аумақтық басқармалардың мамандары дәріханаларға да мониторинг жүргізеді. 128 нысан тексеріліп, 26 дәріхана заң бұзғаны анықталды. 4 382 295 теңге болатын 26 айыппұл салынды. 95 азық-түлік дүкені, 5 жанармай стансасы, 2 шаштараз, 2 тұрмыстық техника дүкені, 3 қоғамдық көлік, 3 шина жөндеу пункті, 1 асхана, 3 кафе, 3 авто және а/ш қосалқы бөлшектері дүкені,1 ТҚС карантин талаптарын сақтамаған. Жітіқара ауданында карантин белгіленген уақыттан бері «Гүлдер» дүкенінің жұмыс істегені анықталды», делінген департаменттің баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар Ә.Жангелдин ауданында үш ауылдық округте қыз ұзату, беташар рәсімдері өткізілген. Жеке тұлғаларға 41 600 мөлшерінде айыппұл салынды. Мониторинг жұмыстары жалғастырылуда.


Соңғы жаңалықтар