Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Екі жүк көлігінің соқтығысуы кезінде жүргізушілердің бірі ауыр дене жарақатын алып, көз жұмды. Компания ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіледі", — делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Бұл факті бойынша тергеу басталды.