Қостанай облысында көктайғақ салдарынан рейстік автобус апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында көктайғақ салдарынан рейстік автобус апатқа ұшырады

Қостанай облысында көктайғақ салдарынан рейстік автобус апатқа ұшырады

Бүгін таңертең Қостанайда 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оған өткен түнде жауған жауын салдарынан орын алған көктайғақ себеп болуда.

  • 23 Қараша 2015
  • 579
Фото - Caravan.kz

Полицейлер қаладан сыртқа шығатын жолды жапты. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қостанайдан Түменге бара жатқан рейстік автобус та апатқа ұшырады. Затоболь кентіне кіреберісте көлік артқы бөлігімен жол жиегіне сырғып кетті. Арнайы қызмет автобусты эвакуациялады, жолаушылар аман-есен.

Әкімшілік полицияда атап өткендей, апаттың көбеюіне көлік иелерінің қысқы резеңкені уақтылы ауыстырмауы да себеп болуда.


Соңғы жаңалықтар