Қостанай облысында көктайғақ салдарынан жол қозғалысы шектелді

«Сағат 12.30-да Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» жолында (7-232 шақырым), Қостанай қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін учаскеде жүк және қоғамдық көлік үшін қозғалыс шектелді», - делінген хабарламада.