Бұл жалпы егістік алқаптарының 86 процентін, ал бидай өсіруге арналған алқаптың 93 процентін құрайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ауылшаруашылық және азық-түлік департаментінен хабарлады.
Облыстағы Амангелді, Қамысты, Федоров және Таранов секілді астықты 4 аудан көктемгі егістік науқанын толық аяқтап шықты.
Департамент мамандарының айтуынша, тұқым себу науқаны жоспарланғандай бір аптадан кейін аяқталады.
Батыс-солтүстік ауылшарушылығы ғылыми-өндірістік орталығының мәліметіне сүйенсек, аймақтағы жылы температуралардың жалпы сомасы 599 градусты құраған, бұл көп жылғы бақылаудан 67 градусқа, ал былтырғыдан 108 градусқа артық.
Жоғары температура мен ылғалдылық арамшөптің көп мөлшерде өсуіне, және оны тұқым себер алдындағы жер өңдеу барысында жойып жіберуге жағдай жасап отыр.
Егіс алқаптарының басым бөлігінде арамшөп механикалық тәсілмен оталып жатыр. Ал арамшөп айтарлықтай өспеген жерде химиялық тәсіл қолданылуда.