Жарияланды: 410

Қостанай облысында көмірқышқыл газынан улану салдарынан төрт адам қаза тапты

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында көмірқышқыл газынан улану салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 13 қарашада сағат 12.20-да Қостанай облысының Озерный ауылындағы Садовая көшесінде жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 4 адам: 25 жастағы жігіт, 23 жастағы әйел мен 4 және 2 жастағы екі бала оқиға орнында қайтыс болды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін