Қостанай облысында кранның рельстерден шығып кетуі салдарынан «Маңғышлақ-Астана» жолаушылар пойызы кешіктірілді
Қостанай облысында кранның рельстерден шығып кетуі салдарынан «Маңғышлақ-Астана» жолаушылар пойызы кешіктірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен. |
Қостанай облысында «Әйтеке-Тереңсай» аралығының 921-ші шақырымында 29 қазан күні жүк түсіру жұмыстары кезінде қалпына келтіру краны рельстерден шығып кетті.
ТЖ салдарынан «Маңғышлақ-Астана» бағытындағы № 47 пойыз 5 сағат 32 минутқа кешігіп қалды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сейсенбі, 30 қазан күні кран көтеріліп, пойыздарға жол ашылды
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін