Қостанай облысында мал дәрігерлік полициясы пастереллез жұқтырған сиыр етінің ірі партиясын тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+34 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында мал дәрігерлік полициясы пастереллез жұқтырған сиыр етінің ірі партиясын тәркіледі

Қостанай облысында мал дәрігерлік полициясы пастереллез жұқтырған сиыр етінің ірі партиясын тәркіледі

Қостанай. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында мал дәрігерлік полициясы пастереллез жұқтырған сиыр етінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 447
Фото - Caravan.kz

«Тауар 9 қыркүйекте Сарыкөл трассасының 15-ші шақырымында көшеде сауда жасаушыдан тәркіленген. Ер адам сиырдың етін автокөлігінің салонына жайып қойып, тура жол шетінде сатып тұрған. Ет сатқан кезде міндетті түрде болуға тиіс құжаттар: малдың ветеринарлық төлқұжаты, мал дәрігерлік-санитарлық сараптама актісі, ветеринарлық куәлігі онда жоқ болып шықты», -дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары мен мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторлар етті тәркілеп, сараптамаға жіберді. Тексеруден кейін еттен пастереллез дерті анықталған. Мал ауырып жатқан кезде сойылған, дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сатушыға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынып, зарарлы ет жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті