Қостанай облысында мал сою цехында үш адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында мал сою цехында үш адам көз жұмды

Қостанай облысында мал сою цехында үш адам көз жұмды

Қостанай облысында бір мезетте үш адам жұмыста жүріп қаза тапты. Қайғылы оқиға қала сыртындағы мал сою цехында болған.

  • 22 Маусым 2016
  • 576
Фото - Caravan.kz

Кәсіпорындағы кәріз жүйесін тазалауға түскен бір жұмысшы ес-түссіз құлап түседі. Оны құтқармаққа тырысқан тағы төрт қызметкер де құбырдан шыға алмай қалған. Олар газ исінен улануы мүмкін. Ауруханаға жеткізілген бесеудің екеуі ғана есін жиды. Марқұмдардың үшеуі де қырыққа толмаған, әйелі, балалары жоқ. Кәсіпорын жұмысын жалғастыруда, қазір онда тексеру жүріп жатыр. Осы іске қатысты құрылған арнайы комиссия бірден бірнеше заңбұзушылықты анықтаған.

"Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бес жұмыскердің төртеуі заңды түрде тіркелмеген. Яғни олар жұмыс берушімен еңбек келісім-шартына қол қоймаған. Сондай-ақ газға қарсы қорғаныш құралдарын да қолданбағаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр, бастапқы деректер он жұмыс күнінің ішінде белгілі болады",- дейді облыстық еңбек инспекциясы басқармасының жетекшісі Максим Маргунов.  


Соңғы жаңалықтар