Қостанай облысында мас жүргізушінің кінәсінен екі жасөспірім қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында мас жүргізушінің кінәсінен екі жасөспірім қаза тапты

Қостанай облысында мас жүргізушінің кінәсінен екі жасөспірім қаза тапты

ҚОСТАНАЙ. 10-шілде. Kazakhstan Today. Қостанай облысында Қостанай - Рудный тас жолының бойында мас күйінде көлік айдаған қыздың кесірінен екі жасөспірім қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Шiлде 2007
  • 431
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 25 жастағы қыз көліктің жылдамдығын асырып жіберу салдарынан тізгінге ие бола алмай, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. » 14 және 13 жастағы екі бала оқиға орнында қаза тапты», — деп хабарлайды тәртіп сақшылары.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мас күйінде көлік айдаған қыз кеудесінен жараланып, облыстық ауруханаға жатқызылды. «Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр, тергеу амалдары жүргізулуде», — деп хабарлайды мекеме.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың алты айында Қостанай облысында 305 жол апаты болып, соның салдарынан 43 адам, соның ішінде 4 бала көз жұмған. Сонымен бірге 400 астам адам түрлі дәрежеде жараланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті