Жарияланды: 360

Қостанай облысында мердігерлер шығынды болуға байланысты газдандыру жобаларынан бас тартуда

Қостанай. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында мердігерлер шығынды болуға байланысты тіршілік қамтамасыздығы нысандары мен ғимараттарды газдандыру жобаларына жарияланған байқауларға қатысудан бас тартуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қостанай облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына сілтеме жасап.

Мердігерлердің жобаға қатысудан бас тартуына байланысты облыста ғимарататрды газ желілерріне қосу мерзімі кешеуілдеп отыр. "Оған себеп, барлық бағалар республикалық деңгейде бекітіледі, сараптамада нақты нарықтық баға ескерілмейді", -дейді басқармадағылар. "Жобалық- сметалық құжаттама дайындалған кезде прайс-парақтар бойынша нақты нарықтық баға ескеріледі. Ал жобаны сараптамаға берген кезде баға біршама төмендейді", - деді басқарма бастығы Ольга Печаткина. Облыстық әкімдікте газдандыру мәселесі бойынша кеңес өтті. Облыс әкімі мәселені тікелей өз бақылауына алды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін