Қостанай облысында "Момент" желімінің жасанды партиясы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында "Момент" желімінің жасанды партиясы тәркіленді

Қостанай облысында "Момент" желімінің жасанды партиясы тәркіленді

Қостанай облысындағы көтерме сауда базарындағы бір дүкеннен "Момент" желімінің 330 қораптан тұратын жасанды партиясы тәркіленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық әділет департаментінің директоры Айтбай Әлібаев хабарлады.

  • 8 Сәуiр 2005
  • 443
Фото - Caravan.kz

Тәркіленген желімнің сынамалары Ленинград облысы Тосно қаласындағы өнімді өндіруші зауытқа жөнелтілді, деді А.Әлібаев. «Момент» желімі өндірілетін зауыттың сарапшылары өнімнің жасанды екенін бірден анықтаған. Өнімнің ормасында штрих-коды мен өндіруші-зауыт туралы мәліметтер болмай шықты.

Ал қораптарда «Момент» желіміне тән емес қасиеттері бар сұйықтық болған. Тексеру барысында анықталғанындай, кәсіпкерлер желімді Алматыдағы бір көтерме сауда базарынан сатып алған.

Перейти к новостям спорта