Қостанай облысында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады

Қостанай облысында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады

Қостанай облысында нан бағасы қымбаттады. Бұған дейін 46 теңге тұрған бөлке енді 51 теңгеден сатылуда. Бағаның өсуін шенуніктер оны пісіру үшін жұмсалатын энергия көздерінің қымбаттауымен байланыстырды.

  • 28 Қазан 2015
  • 304
Фото - Caravan.kz

Атқамінерлердің айтуынша, өңірдің наубайханашылары бағаны өзгерту жайлы өтініш білдіріпті. Себебі ас атасын дайындау ісі соңғы қымбатшылықтан кейін кәсіпкерлердің қалтасын қаққан көрінеді. Оның үстіне меморандумға сәйкес, әлеуметтік нанның құнын көтеруге болады. Сондықтан ол бірден 5 теңгеге қымбаттаған. Енді Тобыл өңірінде баға жаңа жылға дейін осы қалыпта қалуы тиіс. Одан кейін бөлке құны тағы да құбылуы мүмкін.

Оразғали Нұрғазин, Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл бағасы әлі де көтерілуі мүмкін. Мына энерготасымалдаушылардың бағасы көтеріліп жатыр, мүмкін бағасы көтерілетін шығар. Меморандум бірінші январга дейін жұмыс істейді. Бірінші қаңтарға дейін осы механизм істеп тұрады. 

Соңғы жаңалықтар