Неміс кәсіпкерлері Қостанайлық фирмалар мен тауар өндірушілермен өзара ықпалдастық орнатып, қазақ-герман қарым-қатынасының электрондық базасын құрмақшы.
Халықаралық экономикалық байланыстарға ықпал жасау қоғамының директоры Франк Мюллердің айтуынша, қазір екі ел кәсіпкерлерінің өзара ынтымақтастық орнатуына , бірінші кезекте, кәсіпкерлердің «бір-бірін білмеуі» кедергі келтіруде. Оның айтуынша, неміс кәсіпкерлері өздерінің қазақстандық әріптестерімен етене жақын байланыс орнатуға дайын әрі осы бағытта республикаға «нақты ұсыныстармен келді». Алғашқы жобалар өткен кездесуде ортаға салынған.
Бүгін, 10-тамызда делегаттар Рудный мен Лисаковск қалаларында болады. Тамыз айының аяғында ҚР индустрия және сауда министрлігінің өкілдері жауап сапармен Германияға барады.