Alau.kz-тің хабарлауынша, оқиға 4 қараша күні болған. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған фактіні растаған. 46 жастағы ер адам Қарасу АІІБ-ге өзен жағасынан пакетке салынған шақалақтың денесін тауып алғанын жеткізген. «Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Қарасу ауылында тұратын 32 жастағы әйелді күдікті ретінде ұстады. Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген», — делінген мәлімдемеде.