Қостанай облысында өзінің бүлдіршін балаларын порнофильмдерге түсуге мәжбүрлеген әйел ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында өзінің бүлдіршін балаларын порнофильмдерге түсуге мәжбүрлеген әйел ұсталды

Қостанай облысында өзінің бүлдіршін балаларын порнофильмдерге түсуге мәжбүрлеген әйел ұсталды

Қостанай. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында өзінің бүлдіршін балаларын порнофильмдерге түсуге мәжбүрлеген әйел ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 12 Қараша 2008
  • 496
Фото - Caravan.kz

«Қостанай облыстық криминалдық полициясы қызметкерлері республикалық жедел алдын алу мақсатындағы «Іздестіру» іс-шарасы барысында мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы әйелді ұстады. Әйел өзінің кәмелеттік жасқа толмаған баларына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттерге көмектескен деген күдік бар», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Рудный қаласында тұрған Қазақстан азаматшасы 1998 жылы екі баласымен және көңілдесімен бірге Мәскеуге күнкөріс қамымен кеткен. Ол осы жерде тағы үш бала табады. Отбасы кездейсоқ қаржыға күн көріп келген. Алайда, Мәскеу ІІББ қызметкерлері жас әйелдің оңай ақша табудың амалын тапқанын анықтаған. Ол өзінің бүлдіршін балаларын порнофильмдерге түсуге мәжбүрлеген. Ал оның ең кішкентай қызы небәрі 2 жаста», -делінген ІІД хабарламасында.

Әйелге Мәскеу ІІББ РФ ҚК 135-бабының 3-тармағы, 132 -бабының 3-тармағы бойынша қылмыс белгілерімен іздеуге жарияланған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктіні криминалдық полиция қызметкерлері Рудный қаласында бұрын тұрған мекен-жайынан тапты. «Рудный тұрғыны тағы бір қылмыс — ұялы телефон ұрлығына қатысы бар болып шықты. Қазір әйел уақытша тергеу абақтысында отыр», -деді ІІД криминалдық полициясы басқармасының бастығының орынбасары Ербол Дербисов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар