Қостанай облысында пішен қорадағы өрт салдарынан үш жасар бала мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында пішен қорадағы өрт салдарынан үш жасар бала мерт болды

Қостанай облысында пішен қорадағы өрт салдарынан үш жасар бала мерт болды

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Бурабай ауылында пішен қорадағы өрт салдарынан үш жасар қыз мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің облыстық басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қазан 2003
  • 489
Фото - Caravan.kz

Өрт бір жеке меншік үйдің пішен қорасында шыққан. Сарапшылардың бағалауынша, оттың тұтануына балалардың сотқарлығы әсер еткен сыңайлы. Сонымен бірге, өртеніп жатқан пішен қорада бала қалды дегенді ересектер білмеген көрінеді. Өртке дейін ол жерде ойнап жүрген балалар өрт шыққанда жазадан қорқып қашып кеткен. Ал қыз баланың өртенген денесі өрттен қалған күлдің арасынан табылды.

Аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрттің басқа да себептерін қарастыруда.

Соңғы жаңалықтар