Қайғылы оқиға 4-ақпанда 10 сағат 15 минутта тәртіп сақшысының жұмыс бөлмесінде болған. Облыстық ІІББ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, сол күні табельдік қаруын иелікке алған офицер кеңсесіне кіре сала самайынан атып жіберген. Ол алдын-ала хат жазып қалдырыпты.
Офицердің өзіне-өзі қол жұмсау дерегі бойынша Жетіқара қалалық ішкі істер бөлімінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызмет бабында тексеру жүргізуде. Алайда, облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Кашаринаның хабарлағанындай, «қазіргі қолда бар мәліметтерге сүйене отырып тәртіп сақшысының өз-өзіне қол жұмсау дерегі оның қызметіне байланысты емес деп нық сеніммен айтуға болады».