Қостанай облысында қайтадан алтын өндіріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында қайтадан алтын өндіріле бастады

Қостанай облысында қайтадан алтын өндіріле бастады

10-желтоқсан, сәрсенбіде Қостанай облысында Комаровский кенішінің шикізатынан алынған 6,6 килолық алтын құймасының тұсаукесері жасалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Желтоқсан 2003
  • 621
Фото - Caravan.kz

Тұсаукесер шарасына қатысқан облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев аталмыш кеніштің негізінде Қазақстанның солтүстік аймақтары бойынша алтын өндіретін ең ірі кәсіпорын салынғанын атап көрсетті.

Комаровский кеніші орналасқан Жетіқара ауданының аумағында өткен ғасырдың 30-жылдарында «Жетіқараалтыны» атты мемлекеттік кәсіпорын құрылған. Алтынды өндірістік өндіру 16 шахтада жүзеге асырылды. 1971-жылы алтын өндіруші кәсіпорынның болашағы жоқ деп танылып, жабылды. Шахталар су астына жіберілді. Жетіқаралық алтын өндірушілер сол жылдарда 30 тоннадан астам құнды металл өндірді.
Ал 90-шы жылдардың орта шенінен Қостанай облысындағы алтынды кеніштерде барлау жұмыстары белсенді жүргізіле бастады. Алайда, қаржы тапшылығына байланысты геологиялық жұмыстар басталмаған күйінде қалды.
2001-жылы «Металл Трейдинг» фирмасы құнды металл кенішін игеру құқығына ие болды. Қазіргі жағдаймен Жетіқара ауданындағы дәлелденген алтын қоры 4,5 тоннаны құрайды. Алайда кеніштің болашақ әлеуетін мамандар 15 тоннаға бағалап отыр.
Қазір кәсіпорында 65 маман жұмыс істейді. Жоспарлы алтын өндіру көлемі жылына 1 тоннаға жетеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар