Қостанай облысында қару-жарақ партиясы жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында қару-жарақ партиясы жойылды

Қостанай облысында қару-жарақ партиясы жойылды

Бүгін, 12-қаңтарда Соколов-Сарыбай кен байыту бірлестігінің құйма цехында азаматтардан тәркіленген және олардың өз бетімен әкеліп тапсырған қару-жарақ партиясы жойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2005
  • 446
Фото - Caravan.kz

Ішінде қос ауыздысы, бір оқпандысы, газды және пневматикалық тапаншалары, кезіктер, пышақтар мен кастеттері бар барлығы 200-ден астам қару пеште балқытылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қару-жарақтар арнаулы күзетпен балқытатын жерге жеткізілді. Қару-жарақты балқыту процессі арнаулы комиссияның қатысуымен жүзеге асырылды. «Тәртіп сақшылары мұндай операцияны қару-жарақтар қоры жиналған сайын тұрақты өткізіп отырады»,- дейді баспасөз қызметіндегілер.
2004-жылы Қостанай облысында 950 дана қару-жарақ тәркіленді немесе өз бетімен азаматтар әкеліп тапсырды.

Перейти к новостям спорта