Қостанай облысында қасқырмен күреске авиация да жұмылдырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында қасқырмен күреске авиация да жұмылдырылуда

Қостанай облысында қасқырмен күреске авиация да жұмылдырылуда

Биылғы саятшылық маусымы басталғаннан бері алғаш рет Ан-2 ұшағы Қостанай облысының оңтүстік аумақтарын аспаннан бақылап, қасқыр үйірлерінің орын тепкен жерлерін анықтайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық аңшылар қоғамы төрағасының міндетін атқарушы Геннадий Червяков хабарлады.

  • 2 Ақпан 2005
  • 513
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, биыл қасқырлар Наурзум ауданындағы бірқатар кенттерге жақындап келген. Тіпті түз тағыларының ауыл көшелерінде көзге түсіп, тебіндіктегі жылқылар мен үй иттерін тамақтап кеткен жағдайлары да тіркелген.

Жуырда кәсіби аңшылар тобы Наурзум ауданы орталығының маңында 10 қасқырды атып алды. Алайда, Г.Червяковтың айтуынша, жыртқыштардың бір бөлігі бой тасалап үлгерген.
Аңшылардың мәліметі бойынша, көршілес Амангелді ауданында үйірдегі қасқырлардың саны 80-ге дейін жететін көрінеді. Жалпы алғанда облыс аумағындағы түз тағыларының саны мыңға жуық.
Г.Червяковтың айтуынша, өңірдегі ахуалды тұрақтандыру үшін 600-700 қасқыр ату қажет.