«Әзірге біз өндіріс қуатының үштен бірін ғана пайдаланып отырмыз. Жыл соңына дейін өндіріс қуатын 80 пайызға жеткізбекпіз. Қазірдің өзінде тапсырыстар түсіп жатыр. Біз Қостанай мен облыстағы тұтынушылардың тапсырысы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақын уақытта Ресей рыногына шықпақ ойымыз бар. Ресейлік тұтынушылар да тапсырыс берді», — деп атап өтті А.Нұрғазин.
Зауыт жылына тез дайындалатын кеспенің 120 млн қорабын шығара алады.
«Буға пісіріп, майға қуырылған кеспе тұтынуға дайын. Қорапта арнайы джем мен дәмдеуіштер де бар», — деді А.Нұрғазин.
Оның айтуынша, Қазақстандағы «жылдам дайындалатын» бірінші және бірегей кәсіпорынның өнімдері «Grito» деген атаумен сатылады.