Қостанай облысында құрамындағы кадмий мөлшері шектен шыққан қызыл бұрыш партиясы жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында құрамындағы кадмий мөлшері шектен шыққан қызыл бұрыш партиясы жойылды

Қостанай облысында құрамындағы кадмий мөлшері шектен шыққан қызыл бұрыш партиясы жойылды

Лисаковск қаласындағы фирмалардың бірінде өндірілген қызанақ қатығының құрамынан шектеулі мөлшерден едәуір артық кадмий табылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мемлекеттік бақылау қызметінің Қостанай облыстық стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінен хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 635
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік стандарттың бас маманы Лариса Кимнің айтуынша, өнім өндірушінің тапсырысы бойынша қызанақ қатығын сертификаттау барысында кадмий мөлшерінің артықтығы анықталған. Дайын өнім құрамындағы ауыр металл мөлшері белгіленген нормадан 19 есе асып түскен.

Қатық өндіруде қолданылған құрамды бөліктерін зерттеу барысында кадмий мөлшерінің артуына қызыл бұрыштың себепші болғаны анықталды. Бұрыш құрамындағы кадмий мөлшері нормадан 750 есе асып түскен.
Қатықты өндірушінің ақпаратына сәйкес, қызыл бұрыш Ресейдің Челябинск облысындағы Троицк қаласында сатып алынған. Аталмыш дерек бойынша Челябинск облыстық СЭС қызметіне жазбаша хабарлама жіберілді.
Мемлекеттік стандарттан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, сапасыз қызыл бұрыш пайдалану арқылы өндірілген бүкіл қатық партиясының көзі жойылды. Қазір аталмыш тауарды сатып алушылар айқындалуда.

Соңғы жаңалықтар