Қостанай облысында құтқарушылар РФ және Украина азаматтары мінген жеңіл және жүк көліктерін жырадан шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+9 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында құтқарушылар РФ және Украина азаматтары мінген жеңіл және жүк көліктерін жырадан шығарды

Қостанай облысында құтқарушылар РФ және Украина азаматтары мінген жеңіл және жүк көліктерін жырадан шығарды

Кеше Қостанай облысының Федоровка ауданында сағат 08.40-тан 10.15-ке дейін

  • 6 Желтоқсан 2012
  • 379
Фото - Caravan.kz

аудандық ТЖБ-нің құтқарушылары Федоровка кентінен 10 шақырым жерде жыраға аударылып кеткен жеңіл көлікті жол бойына шығарды. Машинаның ішінде екі жолаушы — РФ-ның азаматтары болды.

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Осы күні сағат 11.30-дан 15.50-ге дейін «Пешков элеваторы» нан өнімдері комбинатының екі «К-700» техникасының жұмылдырылуымен жыраға аударылып кеткен «МАН» көлігі шығарылды. Көліктің ішінде жүргізуші — Украина азаматы болды. Көлік өз бағыты бойынша қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.