Caravan Logo

Қостанай облысында құтқарушылар РФ және Украина азаматтары мінген жеңіл және жүк көліктерін жырадан шығарды

Қостанай облысында құтқарушылар РФ және Украина азаматтары мінген жеңіл және жүк көліктерін жырадан шығарды

аудандық ТЖБ-нің құтқарушылары Федоровка кентінен 10 шақырым жерде жыраға аударылып кеткен жеңіл көлікті жол бойына шығарды. Машинаның ішінде екі жолаушы - РФ-ның азаматтары болды.

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарланды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Осы күні сағат 11.30-дан 15.50-ге дейін «Пешков элеваторы» нан өнімдері комбинатының екі «К-700» техникасының жұмылдырылуымен жыраға аударылып кеткен «МАН» көлігі шығарылды. Көліктің ішінде жүргізуші - Украина азаматы болды. Көлік өз бағыты бойынша қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.