Қостанай облысында құтқарушылар жолда сынып қалған көліктер мен рейстік автобустың жүргізушілеріне көмектесті
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында кеше сағат 09.30-дан 18.20-ға дейін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 690 шақырымында аудандық ТЖБ 5 адам мен 2 техниканың күшімен сынып қалған «МАН» көлігіне жөндеу жұмыстарын атқаруда көмек көрсетілді. |
Көліктің ішінде 1 адам болған. Оған тез арада қажетті жағдай жасалып, ыстық тамақ берілді.
Көлік бет алған бағытына жөнелтілді. Зардап шеккендер жоқ.
Сол ауданда сағат 16.05-тен 23.20-ға дейін «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 735 шақырымында ТЖБ 4 адамы мен 2 техникасының күшімен жолда сынып қалған, «Рудный-Петропавл» бойынша бағыт алған рейстік автобус құтқарылып, Сарыкөл кентіне жеткізілді. Автобустың ішінде 2 адам болған. Зардап шеккендер жоқ.
Сенбі күні Қарасу ауданында сағат 21.20-дан 23.53-ке дейін «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» тас жолында ТЖБ күшімен жолда сынып, тұрып қалған «ИВЕНКО» көлігімен жүргізуші құтқарылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін