Қостанай облысында Ресейлік табиғат қаскөйлері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында Ресейлік табиғат қаскөйлері ұсталды

Қостанай облысында Ресейлік табиғат қаскөйлері ұсталды

Қостанай облысында елік аулау үшін қарда жүргіш көлік мініп, мемлекеттік шекарадан заңсыз асқан Ресейлік екі браконьер ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық табиғи ресурстар мен табиғат қорғауды реттеу департаментінің директоры Қазбек Төлебаев хабарлады.

  • 15 Наурыз 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Ресейліктер 14-наурызда Қарабалық ауданының аумағында ұсталған. Олардан бытыралы мылтықтар тәркіленді.

Қ.Төлебаевтың айтуынша, Ресейліктер наурызда күйттеу кезеңі басталған еліктерді ауламақ болғанға ұқсайды. Бұл тұста жануарлар үйірлерге бөлініп, бытырап кетеді, дейді департамент директоры.
2005-жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз елік аулау деректері бойынша екі мәрте қылмыстық іс қозғалды. Меңдіқара ауданында жергілікті аң шаруашылығының қорықшысы екі елікті заңсыз атып алған. Ал Сарыкөл ауданында екі браконьер үш елікті атып тастады.

Перейти к новостям спорта