Қостанай облысында шашылып жатқан мал өлексесі тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында шашылып жатқан мал өлексесі тұрғындарды  шошытты

Қостанай облысында шашылып жатқан мал өлексесі тұрғындарды шошытты

Балық орнына бұқа! Қостанай облысындағы Қаратомар су қоймасынан мал өлекселері табылды. Өлген сиырларын әлдебіреу жұрт демалатын жағажайға шашып кеткен.

  • 23 Қыркүйек 2014
  • 255
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы да бала шағасымен серуендегендер тосын жайтқа тап болды. Судың жағасынан өлі бұқаларды көріп бірден ұялы телефонының таспасына түсіріп алған. Әрі бейнежазбаның авторы өз сөзінде су қоймасына жауаптыларды кінәләп, санэпидемиологтарға шағымданады. Көлге өлікселерді кімнің лақтырғаны әзірге белгісіз.

Дәурен Әбдіхамитов, «Казводхоз» мемлекеттік кәсіпорнының Қостанайдағы бөлімшесінің  директорының орынбасары:



-Біз өліктерді жағадан алып шығып, 100 метр қашықтыққа апарып тастадық. Енді барлық құзырлы орындар мен санитарлық мамандар бір шара қолданатын болады.