Қостанай облысында табиғат қорғау заңы өрескел бұзылуда - облыстық прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында  табиғат қорғау заңы өрескел бұзылуда - облыстық прокуратура

Қостанай облысында табиғат қорғау заңы өрескел бұзылуда - облыстық прокуратура

Қостанай облысында табиғат қорғау туралы заңнамалардың талабы өрескел бұзылуда. 2004-жылы жүзеге асырылған 67 тексеруді қорытындылаған облыстық прокуратура қызметкерлері осындай тұжырымға келді.

  • 11 Қаңтар 2005
  • 1067
Фото - Caravan.kz

Прокуратураның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Қостанай облысының аумағында экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы зор 17 төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар бар. Алайда, қаңтар айының басындағы жағдаймен табиғи ескерткіштерге жер бөлу жобалары мен ғылыми-жаратылыстық және техника-экономикалық негіздемелері мемлекеттік сараптамадан өтпеген. Сонымен бірге облыста бұл нысандардың мемлекеттік кадастры жүргізілмеген.

Орман қорын мемлекеттік есепке алу, ормандардың ахуалына мониторинг жүргізу және орман кадастрын жүргізу жұмыстарын қаперіне алмаған аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасына прокуратура тарапынан үлкен сын айтылды. Ал таяуға дейін төтенше қорғаудағы аумақтардың ахуалын қадағалау және кадастр жүргізу міндеттері екі бірдей мекемеге, атап айтсақ, облыстық әкімшіліктің жанындағы орман және аң шаруашылығы басқармасы мен аумақтық басқармаға тең жүктеліп келген.
Сондай-ақ, тексеру мәліметтері бойынша, тек 2004-жылы уәкілетті мемлекеттік мекеме заңнамада қарастырылған аңшылық минимум бойынша емтихан қабылдамастан облыс тұрғындарына 700-ден астам аңшы билетін таратқан.
Тексеру нәтижесінде 30-дай жауапты қызметкер тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылып, таныстырулар жасалды.

Перейти к новостям спорта