Caravan Logo

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскер түрме қызметкерін соққыға жықты

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан қылмыскер түрме қызметкерін соққыға жықты

Арқалық қаласында қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қызметкерін ұрған сотталушыға қатысты іс қаралды.

Сотталушы ауыр қылмыс жасағаны үшін түрмеде жазасын өтеп жатқан.

«Сотталушы серуен уақытында УК 161/12 мекемесіндегі киім сақтайтын орынға кірген. Осы әрекеті үшін түрмедегі бас қадағалаушы оған есукерту жасаған. Мұнан кейін мекеме тәртбімен келіспеген сотталушы бас қадағалаушыны баспен бір ұрған», -деп мәлімденеді облыстық сот хабарламасында.

Осы әрекеті үшін сотталушы айыпты деп танылды. Оған қатысты ҚР ҚК 429-бабы, 2-тармағы бойынша (Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу) 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ҚР ҚК 60-бабы, 1, 4 тармақтарында көрсетілген ережелерге сәйкес, сотталушының бұрынғы өтелмеген жаза мерзімін жартылай қосқанда, барлығы сегіз жылға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.