Жалпы алғанда облыстағы шаруашылықтар 2 млн. 645 мың гектардан түсім орылды. Бұл жалпы егіс алқаптарының 86 процентін құрайды. Бір гектардан жиналған орташа түсім 8,6 центнер болды. 8-қыркүйектегі жағдаймен болжанған 2 млн. 100 мың тоннаның орнына желімтік көрсеткіші 23 проценттен кем түспейтін 2 млн. 265 мың тонна астық жиналды. Алдағы науқанға арнап 444 мың тонна тұқым қоры сақталды.
Таран, Алтынсарин, Меңдіғара және Қостанай аудандық дихандар да орақ науқанын аяқтауға жақын. Олар егістік алқаптарының 90 процентінен астамын орып бітті.
«Заречное» тәжірибелік-өндірістік шаруашылығындағылар бір гектардан 37 центнер жинау арқылы бидай түсімі бойынша республикалық рекорд тоқтатты.