Қостанай облысында Жамбыл ауылының тұрғынынан 1855-ші жылғы бірегей қару алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында Жамбыл ауылының тұрғынынан 1855-ші жылғы бірегей қару алынды

Қостанай облысында Жамбыл ауылының тұрғынынан 1855-ші жылғы бірегей қару алынды

ҚОСТАНАЙ. 13-маусым. Kazakhstan Today. Қостанай облысында АІІБ қызметкерлері "Арсенал" атты операция барысында Жамбыл ауылының тұрғынынан 1855-ші жылғы бірегей қару тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Маусым 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған қару калибрі 12 мм-лік капсулалы- соққылы «Сибиряк» атты қару. Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, рейд барысында АІІБ екі қызметкері үй қожайынының тіркелген қаруын тексеруге келген, бірақ, ол үйде болмай шыққан. Тексеру барысында үйде сақтаулы тұрған бір көне бірегей қару табылды. Үй қожайының жұбайының айтуынша, ол әйелдің ата-бабасына қарасты болған.

Көне қару алынып, сараптамаға жіберілді. Бұл қаруды Қостанай облыстық ІІД-нің мұражайына беру мәселесі шешілуде.

Департамент ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда «Арсенал» операциясының алғашқы күні Қостанай облыстық ІІД қызметкерлері рұқсатнама жүйесінің 16 нысанын тексерді. Лицензиялық-рұқсатнама жүйесін бұзуға қатысты 34 заң бұзушылықтың беті ашылып, 34 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шара барысында 20 қару мен 6 оқ-дәрі өз еркімен тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті