Қостанай облысында жаңа жыл мерекесі кезінде алты адам өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында жаңа жыл мерекесі кезінде алты адам өлтірілді

Қостанай облысында жаңа жыл мерекесі кезінде алты адам өлтірілді

Қостанай облысында жаңа жыл мерекесі тойланған төрт күнде алты адам өлтірілді, тағы да төрт адам ауыр жарақаттармен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 408
Фото - Caravan.kz

ІІБ-ның ақпаратына сәйкес, төрт адам суық қару мен оқты-отты қару қолдану салдарынан, тағы да екі адам төбелес салдарынан жарақаттануға байланысты қаза болған. Пышақтан жараланған төрт адам ауыр ахуалда аурухананың реанимация бөлімінде жатыр.

Жалпы 2004-жыл басынан бері Қостанай облысы аумағында 216 қылмыс тіркеліп, олардың 182-сі ізі суымай әшкереленді.
Қостанай қалалық ауруханасынан KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, мереке күндерінде аурухананың жарақат бөліміне 228 адам көмекке жүгініп, олардың 22-сі ауруханаға жатқызылған. Жарақат бөліміне келген адамдардың 186-сы тұрмыстық сипаттағы жарақат алған болса, 26 адам қылмыстық әрекеттер салдарынан, 8 адам жол апаты салдарынан, 4 адам өндірістегі оқыс оқиғалар салдарынан жарақаттанған.

Соңғы жаңалықтар