Қостанай облысындағы Арқалық қаласының тұрғындары тұрғын үйлерді жекешелендіру қорытындысын қайтадан қарауды талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысындағы Арқалық қаласының тұрғындары тұрғын үйлерді жекешелендіру қорытындысын қайтадан қарауды талап етуде

Қостанай облысындағы Арқалық қаласының тұрғындары тұрғын үйлерді жекешелендіру қорытындысын қайтадан қарауды талап етуде

Қостанай облысындағы Арқалық қаласының тұрғындары тұрғын үйлерді жекешелендіру қорытындысын қайтадан қарауды талап етуде. Қоғам мен билік өкілдері қазір қаладағы тұрғын үй қорын қайтадан жекешелендіруге мүмкіндік беретін заңдық актілер қабылдау жөнінде бастама көтеріп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық әкімшіліктен хабарлады.

  • 5 Қараша 2003
  • 727
Фото - Caravan.kz

Арқалық қаласының тұрғын үй мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Степан Лепешконың мәлімдеуінше, «қаланың шеткері аудандарынан орталыққа қарай қоныс аударған тұрғындарға баспанасыз қалу қаупі төне бастады». Осыдан үш жыл бұрын Арқалықтағы тұрғын үй қоры жекешелендірілген болатын. Облыстық билік иелері тұрғындары тастап кету салдарынан қаңырап қалған елді мекендерді қысқы жылытуға жұмсалатын шығындарды азайту мақсатымен осындай шара қолданған еді.

Осындай тәжірибе барысында 400 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй оңтайландырылды. Соның нәтижесінде қалада жылу және энергиямен қамтамасыз ету жағдайы тұрақтанды. Тұрғындардан жиналатын коммуналдық төлемдердің мөлшері артып, тұрғын үй массивтері мен көшелердің сыртқы ахуалы жақсарды. Облыс әкімінің пікірінше, Арқалықты аймақтағы ең ойламды оңтайландыруды жүзеге асырған қала ретінде үлгі тұтуға болады.
Алайда, бір кездері мұндағы үйлерді қаңыратып тастап кеткен қожайындар қайтадан табылып, кейінгі тұрғындардың жөндеп, жайластырып алған мекен-тұрағына сот арқылы таласа бастады. Заң солардың жағында болғандықтан, жаңа қожайындарға үйді босатуға тура келіп тұр. «Пәтерлердің бұрынғы қожайындарының дені қалаға үйді сатып жіберу үшін жалғыз мақсатпен келіп жатыр, олардың қалада біржола қалатын құлқы жоқ»,- дейді С.Лепешко. Ол сондай-ақ, қазіргі мұндай жағдайға ықпал жасайтындай биліктің қолында нақты тетік жоқ деп атап көрсетті.
Арқалық тұрғындары осыған байланысты парламент депутаттарына өтініш жолдады. Мәжіліс депутаты Сергей Жалыбиннің пайымдауынша, қазір осындай өзекті проблеманың туындап отырғаны рас, әрі оны тез арада шешу керек. Қостанай облысынан мәжіліске сайланған халық қалаулысының пікірінше, тастанды тұрғын үйлерді екінші мәрте жекешелендіруден өткізуге мүмкіндік беретін түзетуді парламент депутаттары міндетті түрде қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар