Қостанай облысындағы ауыл 1,5 метрлік қар құрсауынан шыға алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысындағы ауыл 1,5 метрлік қар құрсауынан шыға алмай отыр

Қостанай облысындағы ауыл 1,5 метрлік қар құрсауынан шыға алмай отыр

Қостанай облысы Әулиекөл ауданына қарасты Харьковка ауылының тұрғындары аудан орталығына қатынай алмай отыр деп жазады Alau.kz. Қалыңдыңы 1,5 метрлік қар жолдарды бекітіп тастаған.

  • 13 Сәуiр 2017
  • 296
Фото - Caravan.kz

Портал тілшілеріне биліктен үмітін үзген тұрғынар хат жазып, көмек сұрапты.

«Бұл ауылда менің туыстарым тұрады. Олар аудан орталығынан азық-түлік әкеле алмай отыр. Зейнеткерлер зейнетақысын ала алмауда. Жыл сайын осы жағдай қайталанады. Әкім не бітіріп отыр? Науқас жандар бар, олар ауруханаға барулары керек», — делінген Гүлнар Каренова есімді тұрғынның хатында.

Оның айтуынша, трассадан Харьковка ауылына дейін 5 шақырым. Алайда, сол аралықты жүріп өту қазір мүмкін болмай отыр. Қалыңды 1,5-2 метрлік қар мен көлшіктер жолды бекітіп тастаған.

«Осымен екінші апта қатарынан ауыл қар құрсауында. Ауылдан шыққандар үйлеріне қайта алмай отыр. Жарты жолдан аса алмауда. Көліктерін тастап, жаяу артқа қайтуға тура келді. Ауылда жүкті әйелдер бар, олар емханаға барулары керек, тіпті, күнделікті қажетті азық-түлікті тасымалдай алмай отыр. Нан жауып жейтін ұндар да таусылыпты», — дейді хат авторы.

Сөзіне дәлел ретінде ол қарға тығылған көліктердің суреттерін жолдапты. Ал, ауылдың өзінде 50 шаңырақ бар. Жергілікті тұрғындар күннің күрт жылынуынан қорқып отыр. Қар бірден ерісе ауылды түгел су алады дейді олар.